"Рухани келісім" күні аясында салтанатты қабылдау өтті

"Рухани келісім"  күні аясында салтанатты қабылдау өтті

Қазақстан егемен, зайырлы және демократиялық мемлекет ретінде алғашқы қадам жасағалы Рухани келісім күнін дәстүрлі түрде атап өтіп келеді.

28 қазан — Алматы облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен 5-ші жыл қатарынан «Рухани келісім» күніне орай салтанатты бас қосу жиыны өтті. Шараны ұйымдастырушылар Алматы облысы дін істері басқармасы, Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы.

Салтанатты бас қосу жиынына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі, Талдықорған және Алматы өңірілері бойынша өкіл имамдары, Астана және Алматы епархиясының викариі, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, дін саласында қалам тартып жүрген журналистер, өңір дінтанушылары қатысты (жалпы саны 64 адам).

Салтанатты шараны Алматы облысы дін істері басқармасы басшысы Ниет Бауыржан Амангелдіұлы жүргізді.

Алғашқы сөз кезегі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрушысы, алғашқы мүфтиі Ратбек қажы Нысанбайұлына, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Мырзабаев Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Астана және Алматы епархиясының викариі, Қаскелең епископы Гоголев Михаил Борисович, Талдықорған қаласы Рим-католик шіркеуінің жетекшісі Юлиан Манковски, Алматы және Алматы облысы бойынша «Өмір бұлағы» діни бірлестігінің басшысы, Қазақстандағы елуіншілер шіркеулер одағы басқармасының мүшесі Пак Виталий Мироновичке берілді.

Жиында сөз алған әрбір баяндамашы ұлттар достығы турасындағы Елбасымыз бағдар берген қоғамдық-саяси дамудың осы жолынан танбау керектігін баса айтты. Сондай-ақ дөңгелек үстел қатысушылары қазақстандықтардың өзіне тән менталитеті бар екендігін ескертіп, оған рухани жаңғырудың бөлінбес бөлшегі болып келетін бәсекеге қабіллеттілік, прагматизм, ұлттық сәйкестік, ғылымды құрметтеу, дамудың революциялық емес, эволюциялық жолын дұрыс көру сияқты қасиеттер тән екендігін атап өтті.