«Бала тәрбиесі» тақырыбында кездесу өтті

«Бала тәрбиесі» тақырыбында кездесу өтті

Бүгін Талдықорған қаласында №2 орта мектебінің 5 сынып оқушыларымен «Бала тәрбиесі» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге орталықтың біліктілігі жоғары деңгейлі маман – дінтанушысы Асанов Ақжол Маратұлы қатысып, тақырып төңірегінде дәріс жүргізді.

Шарада бала тәрбиесі жайлы, яғни үлкенге –құрмет, кішіге- ізет көрсету, жаман жолдан тыйылу, жақсылық жасау, тура жолда жүріп жақсы азамат болу жайында ақпарат берілді.

Кездесуге жалпы саны 25 оқушы қатысты.