
21 қазан күні облыстық дін істері басқармасының басшысы Б.Ниет жұмыс барысымен Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы және Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында басқарма басшысы алдымен орталықтардың атқарылып жатқан жұмыстары бойынша ақпараттық-талдау бұрыштары, мекеме қызметімен танысып, одан әрі ұжыммен кездесті.
Жиын барысында Бауыржан Амангелдіұлы оңалту орталығының директоры Б.Онланбекұлының 9 айдағы оңалту жұмысының нәтижелері туралы баяндамасын тыңдап, тиісті ұсыныстар білдіріп, алдағы атқарар жұмыстар бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.
Бауыржан Ниет өз сөзінде басқармаға қарасты екі орталықтың да жұмысы белгілі индикторларды орындау ғана емес, сапамен нәтижеге назар аударуды және жұмыстың жүйелі болуы үшін жаңаша әдіс-тәсілдерді пайдалануы сынды мәселелерге назар аудару қажеттігін атап өтті.
Жиын соңында орталық мамандары пікірлерімен алмасып, алдағы мақсат-міндеттерді іске асыру барысын талқылады