«Тәуелсіздік – тұғырым» атты кездесу өтті

«Тәуелсіздік – тұғырым» атты кездесу өтті

Бүгін Алматы облысы дін істері басқармасы мен жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен Талдықорған политехникалық колледжі мен Талдықорған жоғары медициналық колледжінің студенттерімен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты кездесу өтті. Аталған шараға Иман» мешітінің ұстазы Нұрсұлтан Мұқият пен орталықтың дінтанушы маманы Естай Қалмұрат дәріскер ретінде қатысып, тақырып бойынша студент жастармен әңгіме жүргізді.

Кездесудің мақсаты – Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы ізгі адамгершілік, жоғары парасат, достық, ынтымақ-бірлік қасиеттерін, еліне, жеріне сүйіспеншілікпен қарауға дәріптей отырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Шара аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы, ұлттық құндылықтар төңірегінде сөз қозғалып, жастар арасындағы зиянды әдеттер, діни сауаттылық мәселесі айтылды. Сонымен қатар, деструктивті топтардың радикалды діни идеологиясы, экстремистік сипаттары ашып көрсетіле отырып, деструктивті ұйымдар жүргізіп жатқан қызмет шынайы діннің қағидалары мен ұстанымдарына толық қайшы келетін тұстары, интернет кеңістіктегі жұмыстары жөнінде мағлұматтар берілді. Сондай-ақ, қатысушыларға «Жастарды жат ағымнан сақтайық», «Жастар және дін: бүгіні мен болашағы», «Дәстүрлі құндылықтар және рухани тәрбие сабақтастығы» тақырыбында таратпа материалдар үлестірілді. Карантин талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылған шараға жалпы саны 120-дан астам адам қамтылды.