
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбы бойынша Сарқан гуманитарлық колледжінде студенттермен кездесу өтті. Шараға Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының бөлім бастығы Айбар Ерасыл мен теолог маманы Аян Буланов қатысып, діни сауаттылықты арттыру бағытында өз ойларымен бөлісті. Шарада діни экстремизм мен терроризмнің деструктивті идеологиясының теріс әсерінен қорғау мәселелері сөз болып, олардың зиянды әсері жайлы мағлұматтар айтылды. Кездесуде қатысушыларға дін саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен діни сауаттылықты арттыруға бағытталған шаралар туралы ақпарат беріліп, студенттер өздерін толғандырған сауалдарға нақты жауап алды. Шараға жалпы саны 25 адам қатысты.