
Бүгін ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен «Жас мұраты, білім, тәлім-талабы...» тақырыбында өңірдің жас имамдарына арналған семминар-тренинг өтті. Шарада ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Алмас Данағұлов кіріспе сөз сөйлеп, семинарға қатысушыларды шараның мақсат-міндеттерін атап өтті.
Семинар-тренинг барысында Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы директорының орынбасары, облыстық АТТ мүшесі Жаңабай Сағыныш Асқарұлы «Интернет кеңістіктегі деструктивті топтарға қарсынасихат жұмыстары» тақырыбында баяндама оқып, тақырып төңірегінде әңгіме өрбітті.