Бүгін Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласындағы №40398 әскери бөлімінде әскери қызметшілермен кездесу өтті. «Дәстүрлі емес діни ағымдар жайлы түсінік» тақырыбындағы кездесуге дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының дінтанушы маманы Ақжол Асанов қатысып, тақырып бойынша дәріс оқыды.
Аталмыш жиында сонымен қатар, Зайырлылық қағидаттарын жүзеге асыру, терроризм мен экстремизм туралы түсінік және олардың алдын алу тақырыптары қозғалып, әлеуметтік желілердегі жалған, қауіпті сайттардан сақтану жолдары айтылды. Сонымен қатар, жат ағымның жетегіне еріп кетудің алдын алу, оған қарсы иммунитет қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында қатысушылар көкейдегі сұрақтарына нақты жауап алды. Карантин талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылған шараға 100-ден астам бөлім сарбаздары қатысты.