
Бүгін Алматы облысы Алакөл ауданының «Алакөл гуманитарлық-техникалық колледжінде» студент жастармен кездесу өтті. «Діни сауаттылықты арттыру» тақырыбындағы шараға Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының дінтанушы маманы Ақжол Асанов қатысып, тақырып бойынша жастармен еркін әңгіме жүргізді. Шараның мақсаты – жастарға дәстүрлі емес діни ағымдар мен олардың зияны жайында ақпарат беріп, діни сауаттылығын арттыру. Сонымен қатар, діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру. Шара барысында әлеуметтік желілердегі жалған, қауіпті сайттардан сақтану жолдары айтылып, діни қызмет және діни бірлестіктер заңын жайлы, экстремизм, терроризм туралы терең түсінік берілді. Сондай-ақ, жат ағымның жетегіне еріп кетудің алдын алу, оған қарсы иммунитет қалыптастыру мәселелері талқыланды. Кездесуде дін мәселесі төңірегіндегі сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан жауап берілді. Карантин талаптарын сақтай отырып өткізілген шараға жалпы саны 30 адам қатысты.