
Бүгін Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қалалық мешіті жанынан Қыздарға арналған діни сауат ашу мекемесі ашылды. ҚМДБ-ның тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы қызмет атқаратын мешіт жанынан бой көтерген мекеменің салтанатты ашылу рәсіміне ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, құттықтау тілегін жеткізді.
Шара аясында Рәтбек қажы Нысанбайұлы аталмыш мекеменің бой көтеруіне қолқабыс тигізген тұрғындар мен демеушілерге ізгі лебізін білдіріп, оларға Алғыс хаттар табысталды.