Екі күндік оқыту курсы аяқталды

Екі күндік оқыту курсы аяқталды

«Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Интернет кеңістіктегі деструктивті діни ағым идеологиясына қарсынасихат және АТЖ тиімді ұйымдастыру» бағытындағы өңірлік АТТ құрамына арналған екі күндік онлайн оқыту курсы аяқталды. Курстың екінші күнінде Алматы өңірі бойынша ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қамтылып, Қапшағай қаласы мен Ұйғыр, Қарасай, Жамбыл, Іле, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Балқаш, Кеген, Талғар аудандарының АТТ мүшелері қатысты. Оқыту курсына Орталық директорының орынбасары Жаңабай Сағыныш Асқарұлы модератор болып, кіріспе сөз сөйледі. Ал, дәріскер ретінде республикалық АТТ мүшелері, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Абай атындағы ҚазҰУ ұстаздары Қ.Мүтебаев, Ж. Долиев, А.Шагирбаев, Е. Берікбаев және Р. Сейтказиев сынды азаматтар тартылды. Оқыту курсының екінші күнінде жалпы саны 167 адам қатысып, жалпы екі күнде 324 адам қамтылды.