АТТ мүшелеріне арналған оқыту курсы басталды

АТТ мүшелеріне арналған оқыту курсы басталды

Бүгін «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Интернет кеңістіктегі деструктивті діни ағым идеологиясына қарсынасихат және АТЖ тиімді ұйымдастыру» бағытындағы өңірлік АТТ құрамына арналған екі күндік онлайн оқыту курсы басталды.

Онлайн форматта ұйымдастырылған курстың бірінші күнінде Талдықорған өңірі бойынша ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қамтылып, Талдықорған мен Текелі қаласы және Сарқан, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Панфилов, Көксу, Қаратал, Ақсу аудандарының АТТ мүшелері қатысты.

Дәстүрге айналған шараның мақсаты – Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Қазақстан Республикасы дін саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру мақсатында өңірдің АТТ мүшелерінің біліктілігін арттыру болып табылады.

Оқыту курсына Орталық директорының орынбасары Жаңабай Сағыныш Асқарұлы модератор болып, кіріспе сөз сөйледі.

Ал, дәріскер ретінде республикалық АТТ мүшелері, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Абай атындағы ҚазҰУ ұстаздары Қ.Мүтебаев, Ж. Қаңтарбаева, А.Шагирбаев, Е. Берікбаев және Р. Сейтказиев сынды азаматтар тартылды. Оқыту курсының бірінші күнінде жалпы саны 157 адам қатысты.