
Іле ауданы аумағындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған саудагерлер мен такси жүргізушілері арасында РАТТ мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, филология ғылымдарының докторы Қаңтарбаева Жанна Орынбасарқызының қатысуымен «Open air» форматында АТЖ жүргізілді. Шараның мақсаты – халықтың діни сауаттылығын арттыру және жат ағымның жетегіне еріп кетудің алдын алу. Шара аясында «Дін мен дәстүр бірлігі – ұлт болашағының кепілі», «Діни және зайырлы құқықтар үндестігі», «Қоғамдағы рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамытудағы қазақ әйелінің рөлі», «Теологиялық сипаттағы күмәнді шетелдік оқу орындарында білім алу» сынды тақырыптардағы таратпа материалдар (буклет, брошюра, флаерлер) таратылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында жалпы саны 90 нысаналы топ өкілдері қамтылды.