РАТТ мүшелері кездесу өткізді

РАТТ мүшелері кездесу өткізді

Бүгін өңірдегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының аясында РАТТ мүшесі, «Қазислам» ақпараттық-танымдық интернет-порталының үйлестірушісі, ислами құқық ғылымдарының PhD докторы Исатай Бердалиев пен Алматы облысы «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының» бөлім бастығы Ерлан Матаев ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Дәріскерлер әуелі Талдықорған қаласындағы жастарға қызмет көрсету орталығында болып, спорт интернаттарда оқитын жеткіншектер мен әлеуметтік жағдайы төмен жастар санатымен кездесті. Жастар арасындағы экстремизм мен профилактикасына арналған семинарда жастарға діни экстремизм мен терроризм түсінігі беріліп, қауіп-қатері мен сақтану жолдары айтылды. Одан кейінгі кезекте ақпараттық топ мүшелері облыстық полиция департаментінде «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға қауіптілігі» атты тақырыпта сала қызметкерлерімен дәріс өткізді.