
Алматы облысы дін істері басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында Қапшағай қаласының, Заречный ауылындағы ЛА 155/12 түзету мекемесінде жазасын өтеуші азаматтермен кездесу өтті. Діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған кездесуге «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті түлектер қауымдастығының директоры Данияр Мейірбеков арнайы шақырылып, жазасын өтеушілермен әңгіме жүргізді. Шараға жалпы саны 100 адам қатысты.