Ұйғыр ауданы тұрғындарымен кездесу өтті

Ұйғыр ауданы тұрғындарымен кездесу өтті

Бүгін орталық директорының орынбасары, облыстық АТТ мүшесі Жаңабай Сағыныш Асқарұлы Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу, Кіші Ақсу, Ават және Дардамты ауылдарының тұрғындарымен «Жат ағымның ықпалына түспе» атты кездесу өткізді. Аталмыш шараның мақсаты – халыққа дәстүрлі емес діни ағымдар мен олардың зияны жайында ақпарат беріп, діни сауаттылығын арттыру. Шара барысында діни адасушылық пен оның салдары, әлеуметтік желілердегі жалған көрнеу хабарламалардың жастарға әсері мен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарды қойып, мамандар тарапынан жауап берілді. Карантин талаптарын сақтай отырып өткізілген кездесуге жалпы саны 80 адам қамтылды.