
Бүгін Ұйғыр ауданы Қалжат, Сұңқар, Дардамты, Сүмбе және Кетпен ауылдарының тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесуге орталық директорының орынбасары, облыстық АТТ мүшесі Жаңабай Сағыныш Асқарұлы қатысып, «Діни сауаттылықты арттыру» тақырыбы төңірегінде сөз қозғады. Кездесудің мақсаты – халық арасында радикалды діни идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыру, экстремизм, терроризм туралы терең түсінік бере отырып, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру. Сондай-ақ, оларға қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын түсіндіре отырып, террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандауына жол бермеу. Карантин талаптарын сақтай отырып өткізілген кездесуге жалпы саны 45 адам қатысып, шара барысында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауап берілді. Сонымен қатар, кездесуде тұрғындарға әлеуметтік сауалнама жүргізілді.