
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үкімімен Алмас Данағұлов діни басқарманың Талдықорған өңірі бойынша өкілі, орталық «Иман» мешітінің бас имамы болып тағайындалды. Жаңа имамды Жетісу жұртына жұма намазы кезінде дін істері және талдау бөлімі басшысы Нұрбек Әуесханұлы таныстырды. Осыған дейін Алмас Сағидоллаұлы Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы қызметінде болған. Ал, аймақта 4 жылдан аса бас имамдық қызметте болып, басқа қызметке ауысқан Ардақ Оразбаевқа аймақтағы жамағат үлкен ризашылық білдіріп, иығына шапан жауып, астына ат мінгізіп аттандырды.