Көксу жастарымен кездесу өтті

Көксу жастарымен кездесу өтті

Бүгін Алматы облысы Көксу ауданының Мәдениет үйінде аудан жастарымен «Жастар және дін» тақырыбында кездесу өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімі мен жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған шараға дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы директорының орынбасары Жаңабай Сағыныш Асқарұлы дәріскер ретінде тартылып, жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесудің мақсаты – жастар арасында дінтанулық сауаттылықты арттыру, ДДА-ға қарсы иммунитет қалыптастыру, дәстүрлі құндылықтарды дәріптей отырып,жастардың санасына сіңіру. Шара барысында әлеуметтік желілердегі жалған, қауіпті сайттардан сақтану жолдары айтылып, діни қызмет және діни бірлестіктер заңы, экстремизм, терроризм туралы терең түсінік берілді. Карантин талаптарын сақтай отырып өткізілген шараға жалпы саны 35 жас қатысып, көкейдегі сауалдарына жауап берілді. Шара соңы аудандық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған брейн-ринг интеллектуалдық ойынымен жалғасты.