Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға АТЖ жүргізілді

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға АТЖ жүргізілді

Бүгін Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының жоспарына сәйкес Көксу ауданындағы «Ауыл» базары аумағында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, тұрғындар арасында радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатындағы шара «Open air» форматында ұйымдастырлып, нысаналы 10 топ құрамына кіретін өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында «Діни экстремизмнің қаупі», «Жат ағым жарға жығады», «Шетелде діни білім алудың тәуекелдері», «Ұлттық құндылық - ұрпақ сабақтастығы», «Террористік акт туралы жалған көрнеу хабарлама», «Дін саласына қатысты заңнаманы бұзудың жауапкершілігі» және т.б. тақырыптарда ақпараттық материалдар (брошюра, буклет, флаерлер) таратылды. Шара аясында жалпы саны 100 адам қамтылды.