«Open Air» форматында іс-шара өтті

«Open Air» форматында іс-шара өтті

Бүгін Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының жоспарына сәйкес Көксу ауданында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында нысаналы 10 топ құрамына кіретін таксопарк, автобекет қызметкерлері, такси жүргізушілері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында «Діни экстремизмнің қаупі», «Жат ағым жарға жығады», «Шетелде діни білім алудың тәуекелдері», «Ұлттық құндылық - ұрпақ сабақтастығы», «Террористік акт туралы жалған көрнеу хабарлама», «Дін саласына қатысты заңнаманы бұзудың жауапкершілігі» және т.б. тақырыптарда ақпараттық материалдар (брошюра, буклет, флаерлер) таратылды. Шара аясында жалпы саны 80 адам қамтылды.