
«Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру және халықтың діни сауаттылығын көтеру мақсатында 30 маусым күні Көксу ауданы Жарлыөзек, Мұқаншы, Мұқыры және Лабасы ауылдық округтерінің тұрғындары арасында «Деструктивті діни ағымдар – қоғам дерті», «Жастар және дін», «Иман – қоғамның даму кепілі», «Дін – зайырлы мемелекеттің рухани тірегі» атты тақырыптарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталмыш кездесуге орталықтың біліктілігі жоғары деңгейлі маман-дінтанушысы Асанов Ақжол Маратұлы мен ауданға жауапты маман-дінтанушы Мақсат Бектемиров қатысты. Шара барысында деструктивті топтардың радикалдық діни идеологиясы, экстремистік сипаттары ашып көрсетіле отырып, зайырылылық қағидаттары мен жастардың дінтанулық сауаттылығын арттыру, деструктивті ұйымдардың интернет кеңістіктегі жұмыстары жөнінде мағлұматтар берілді. Шарада ауыл жастары мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері, халықтың маргиналды бөлігі көкейдегі сауалдарын қойып, пікір алмасты. Карантин талаптарын сақтай отырып, өткізілген кездесуде жалпы саны 120 адам қамтылды.