Тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының біліктілігі жоғары деңгейлі маман-дінтанушысы Ақжол Маратұлы Алакөл ауданы Үшарал қаласының тұрғындарымен «Интернет кеңістігіндегі діни-радикалдық идеологияның ықпалы» тақырыбында кездесу өткізіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесудің мақсаты – тұрғындарға экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік бере отырып, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру. Сондай-ақ, оларға қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын түсіндіре отырып, террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандауына жол бермеу. Кездесу барысында қатысушыларға ғаламтордағы терроризм мен деструктивті діни ағымдардың зияны жайлы мағлұматтар беріліп, қойылған сауалдарға тұшымды жауаптар берілді. Шараға жалпы саны 50 адам қатысты.