
Бүгін Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының біліктілігі жоғары деңгейлі маман-дінтанушысы Ақжол Маратұлы Алакөл ауданы Көлбай ауылында ауыл жастары және тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – лаңкестікке және экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тұрғындар мен жастарды ақпараттандыру. Сондай-ақ, экстремистік сипаттағы іс-әрекеттерді жасауға ықпал ететін негізгі себептерді жоюға бағытталған тәрбие жұмысын ұйымдастыру. Аталған кездесуге 50-ге жуық адам қатысып, шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға нақтылы жауап берілді.