Мешіт жамағатымен кездесу өтті

Мешіт жамағатымен кездесу өтті

Бүгін Алматы облысы дін істері басқармасының «Рухани керуен» жобасы аясында Ұйғыр аудандық орталық мешітінде жамағатпен кездесу өтті.

Кездесуге «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, PhD докторант, РАТТ мүшесі Оралхан Сейдманов дәріскер ретінде қатысты.

Аталған кездесудің мақсаты тұрғындар арасында кездесетін деструктивті діни идеологияның алдын алу, оған қарсы иммунитет қалыптастыра отырып, интернет кеңістікте, әлеуметтік желілерде қарқынды жұмыс жүргізіп жатқан псевдоуағызшылардан сақтандыру.
Шараға жалпы саны 120 адам қамтылды.