
Бүгін Алматы облысы дін істері басқармасының «Рухани керуен» жобасы аясында Алакөл ауданы Қабанбай ауылының жастары және тұрғындармен кездесу өтті. «Діни сауаттылықты арттыру» тақырыбындағы кездесуге дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының біліктілігі жоғары деңгейлі маман-дінтанушысы Ақжол Маратұлы Асанов қатысты. Кездесу «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» ЖҚБ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ұйымдастырылған. Кездесудің мақсаты – халық арасында радикалды діни идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыру, экстремизм, терроризм туралы терең түсінік бере отырып, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру. Сондай-ақ, оларға қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын түсіндіре отырып, террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандауына жол бермеу. Карантин талаптарын сақтай отырып өткізілген кездесуге жалпы саны 50 адам қатысып, шара барысында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауап берілді.