
Бүгін «Рухани керуен» жобасы аясында Ұзынағаш ауылының нысаналы 10 топ құрамына кіретін жастары және Ұзынағаш медицина колледжінің студенттерімен кездесу өтті. «Рухани құндылықтың бастауы – отбасы» деп аталатын кездесуге «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетің дінтану магистрі, дінтанушы Қамысбек Ұларбек қатысып, тақырыпқа байланысты жастармен әңгіме жүргізді. Кездесудің мақсаты – жасөспірімдерге экстремизм, терроризм туралы терең түсінік бере отырып, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру. Сонымен қатар, осы орайда отбасындағы тәрбие, ұлттық құндылықтардың маңызын ұғындыра отырып, олардың бойында деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру. Шара аясында жалпы саны 35 адам қамтылып, қатысушылар көкейдегі сұрқтарына нақты жауап алды.