Тасымалдау қызметкерлеріне АТЖ жүргізілді

Тасымалдау қызметкерлеріне АТЖ жүргізілді

Бүгін Алматы облысы дін істері басқармасының «Рухани керуен» жобасы аясында Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Әлеуметтік желілердегі арандатушылылар» атты «Open Air» форматындағы шарада нысаналы 10 топ құрамына кіретін тасымалдау қызметкерлері қамтылып, жалпы саны 50 адам қатысты.
Шара аясында Ұзынағаш ауылының автобекетіндегі таксилер шоғырланған орындарда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «Дін мен дәстүр бірлігі – ұлт болашағының кепілі», «Ұлттық құндылық - ұрпақ сабақтастығы», «Террористік акт туралы жалған көрнеу хабарлама», «Дін саласына қатысты заңнаманы бұзудың жауапкершілігі» және т.б. тақырыптардағы таратпа материалдар (буклет, брошюра, флаерлер) таратылды.