
Бүгін Алматы облысы дін істері басқармасының «Рухани керуен» жобасы аясында Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы «Абай-Жаппар» базарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шара аясында нысаналы 10 топ құрамына кіретін өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, жалпы саны 200 адам қатысты. «Деструктивті діни ағым ықпалына түспе» тақырыбындағы шарада орталықтың дінтанушы мамандары ақпараттық-түсіндіру шараларын ұйымдастырды. Шара барысында «Террористік акт туралы жалған көрнеу хабарлама», «Дін саласына қатысты заңнаманы бұзудың жауапкершілігі», «Діни экстремизмнің қаупі», «Жат ағым жарға жығады», «Шетелде діни білім алудың тәуекелдері», «Ұлттық құндылық - ұрпақ сабақтастығы» және т.б. тақырыптарда ақпараттық материалдар таратылды.