«Рухани керуен» Жамбыл ауданында

«Рухани керуен» Жамбыл ауданында

Бүгін Алматы облысы дін істері басқармасының «Рухани керуен» жобасы Жамбыл ауданында жалғасып, жоспарға сәйкес ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жобасы аясында Жамбыл ауданындағы нысаналы 10 топ құрамына кіретін маргиналды жастармен «Жастар – қоғам тірегі» атты кездесу өтіп, оған «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетің оқытушысы Рахымғазиев Жайдар дәріскер ретінде қатысты. Кездесу жастармен ашық әңгіме, ой-жарыс еркін форматта өткізіліп, қатысушылар көкейдегі сауалдарына жауап алды. Карантин талаптарын сақтай отырып өткізілген аталмыш шараға 30 маргиналды жас қамтылып, оларға қазіргі қоғамдағы жастардың рөлі жөнінде кеңінен баяндалды.