
Бүгін «Рухани керуен» жобасы аясында Талғар ауданының орталық кітапханасында «Заңсыз діни материалдарды тарату мен сату» тақырыбында аудандық кітапхана қызметкерлерімен кездесу өтті. Шараға «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетің дінтану магистрі, дінтанушы Қамысбек Ұларбек дәріскер ретінде тартылып, жалпы саны 20 адам қатысты. Кездесудің мақсаты – заңсыз діни материалдарды тарату мен сатудың алдын алу және халыққа оның зиянын түсіндіру. Шара барысында тақырып төңірегіндегі атқарылған жұмыстар жөнінде айтылып, заңсыз діни әдебиеттерді тарату мен сатушыларға салынған айыппұл көлемі жөнінде мағлұматтар берілді.