Медицина колледжінде кездесу өтті

Медицина колледжінде кездесу өтті

Бүгін «Рухани керуен» жобасы аясында Талғар ауданы «Талғар медициналық колледжі» ұжымы және нысаналы 10 топ құрамына кіретін студент жастармен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында офлайн форматта кездесу өтті. Кездесуге дінтану магистрі, ҚР Мәжіліс Парламенті депутатының қоғамдық көмекшісі, Алматы қаласы бойынша АТТ мүшесі Әліп Тұрсынғали қатысып, тақырып төңірегінде қатысушылармен ой бөлісті. Кездесудің мақсаты – жасөспірімдерге экстремизм, терроризм туралы терең түсінік бере отырып, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру. Сондай-ақ, оларға қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын түсіндіре отырып, террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандауына жол бермеу. Шара аясында жалпы саны 40 адам қамтылып, қатысушылар көкейіндегі сауалдарға жауап берілді.