
Бүгін «Рухани керуен» жобасы Талғар ауданындағы нысаналы 10 топ құрамына кіретін маргиналды жастармен Талғар аудандық кітапханасында «Жастар – қоғам тірегі» тақырыбында «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетің оқытушысы Айша Кеңесбайдың қатысуымен офлайн форматта кездесу өтті. Аталған кездесудің басты мақсаты – деструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеу мақсатында дәстүрлі құндылықтарды дәріптей отырып, жастардың діни білімін арттыру және жалған діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру. Кездесу жастармен ашық әңгіме, ой-жарыс еркін форматында өткізілді. Карантин талаптарын сақтай отырып өткізілген аталмыш шарада 20 маргиналды жас қамтылып, көкейдегі сұрақтарына тиісті жауабын алды.