
Бүгін орталық директорының орынбасары Жаңабай Сағыныш Асқарұлының төрағалығымен аудан, қалалардағы дінтанушы мамандардың қатысуымен «Zoom» қосымшасы алаңында онлайн форматта өндірістік жиналыс өтті. Жиын барысында орталықтың аудан, қала бойынша жауапты дінтанушы, теолог мамандарына «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» және ҚМДБ тарапынан оңалту жұмысына бекітілген азаматтар арқылы оңалту жұмыстарын жетілдіру тапсырылды. Сонымен қатар, аудан, қаладағы бекітілген АТТ құрамының жұмысын нүктелі, адрестік жұмыстарға бағыттай отырып, халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту мәселесі айтылып, тиісті нәтижелі жұмыс көрсетпей жатқан аудан, қала мамандарының қызметіне сын-ескертпелер айтылды.