
Бүгін Алматы облысы дін істері басқармасының «Рухани керуен» жобасы Талғар ауданында жалғасып, бекітілген жоспар аясында тиісті жұмыстар атқарылды. Аталмыш шараның мақсаты – халыққа дәстүрлі емес діни ағымдар мен олардың зияны жайында ақпарат беріп, діни сауаттылығын арттыру. Шара аясында Талғар ауданындағы нысаналы 10 топ құрамына енетін өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, тасымалдау бекетінің қызметкерлері мен автобекет жүргізушілеріне және ірі құрылыс орындарындағы жұмысшыларға «Деструктивті діни ағым ықпалына түспе» атты «Open Air» форматындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жалпы саны 300 адам қамтылды. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы барысында «Дін мен дәстүр бірлігі – ұлт болашағының кепілі», «Ұлттық құндылық - ұрпақ сабақтастығы», «Террористік акт туралы жалған көрнеу хабарлама», «Дін саласына қатысты заңнаманы бұзудың жауапкершілігі» және т.б. тақырыптардағы таратпа материалдар (буклет, брошюра, флаерлер) таратылды.