
Бүгін дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы директорының орынбасары Жаңабай Сағыныш Асқарұлы және орталықтың бөлім бастығы Молдағалиева Айгерім Байханқызы Нұр-Сұлтан қаласындағы іссапар аясында Қазақстан республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Жолдыбалина Алуа Серікқызымен әріптестік кездесу өткізді. Кездесу аясында өңірдің діни ахуалына сапалы әлеуметтік зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бағытында бірлесе жұмыс атқару мен өзара ынтымақтастық орнату мәселесі талқыланып, бірқатар жоба-жоспарлар айтылды. Сонымен қатар, институт қызметі және құрылымымен таныстырылым жұмыстары жүргізілді.