
Бүгін Алматы облысы дін істері басқармасының тапсырысы негізінде ұйымдастырылған екі күндік өңір имамдарына арналған дәстүрлі оқыту курсы аяқталды. «Zoom» қосымшасы арқылы өткізілген онлайн курстың екінші күнінде Талдықорған аймағының имамдары қамтылып, жалпы саны 120 имам-ұстаз біліктілігін арттырды. Біліктілікті арттыру курсының екінші күнінде облыстық «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» директорының орынбасары Жаңабай Сағыныш Асқарұлы мен КМДБ, Талдықорған аймағы бойынша бас имамы Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы кіріспе сөз сөйлеп, курсқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Аталмыш курсқа «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің ұстаздары, профессорлық құрамы А. Әкімханов, Р. Батталұлы, Н. Смағұлов, Т. Нүсіпханұлы, Ж. Сандыбаев және Е. Есімқұлов сынды азаматтар дәріскер ретінде тартылды. Курс соңында Алматы және Талдықорған аймағынан қатысқан барша имамдарға біліктілігін арттырғандығын куәландыратын сертификаттар табыс етілді.