Мектеп ұстаздарымен онлайн кездесу өтті

Мектеп ұстаздарымен онлайн кездесу өтті

Бүгін «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбы бойынша Кербұлақ ауданының мектеп мұғалімдері және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен онлайн кездесу өтті. Шараға облыстық АТТ мүшесі, дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы директорының орынбасары Жаңабай Сағыныш Асқарұлы қатысып, аталған тақырып төңірегінде әңгіме өрбітті. «Zoom» қосымшасы арқылы өткен жиында діни экстремизм мен терроризмнің деструктивті идеологиясының теріс әсерінен қорғау мәселелері сөз болып, олардың зиянды әсері жайлы мағлұматтар айтылды. Онлайн форматта өткен кездесуде қатысушыларға дін саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен діни сауаттылықты арттыруға бағытталған шаралар туралы ақпарат беріліп, ұстаздар өздерін толғандырған сауалдарға нақты жауап алды. Шараға жалпы саны 88 ұстаз қатысты.