Атқарылған жұмыстың жайы талқыланды

Атқарылған жұмыстың жайы талқыланды

Бүгін дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы директорының орынбасары Жаңабай Сағыныш Асқарұлы «ZOOM» қосымшасы арқылы орталықтың қызметкерлері және аудан, қалалардағы дінтанушы мамандардың қатысуымен жиын өткізді.

Жиын барысында «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» 2021 жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, орын алған кемшіліктер бойынша тиісті шаралар атқару керектігі тапсырылды. Сонымен қатар, орталықтың аудан, қала бойынша жауапты дінтанушы, теолог мамандарына облыс көлеміндегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында онлайн форматтағы ақпарат-түсіндіру жұмыстарын қүшейту тапсырылып, атқарылып жатқан қызметтерге бірқатар сын-ескертпелер айтылды.