
19 сәуір күні Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледж білімгерлерімен онлайн кездесу өтті. «Діни экстремизмге және лаңкестікке қарсы әрекет бойынша» тақырыбындағы кездесуге Алматы облысы дін істері басқармасы оңалту орталығының бөлім басшысы Ерлан Матаев қатысып, тақырып төңірегінде сөз қозғады.
Кездесудің негізгі мақсаты – лаңкестікке және экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқушылар мен білімгерлерді ақпараттандыру. Сондай-ақ, экстремистік сипаттағы іс-әрекеттерді жасауға ықпал ететін негізгі себептерді жоюға бағытталған тәрбие жұмысын ұйымдастыру. Аталған кездесуге 50-ге жуық колледж білімгерлері мен ұстаздары қатысып, шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға нақтылы жауап берілді.