«Бүгінгі дін» рухани-танымдық бағдарламасы

«Бүгінгі дін» рухани-танымдық бағдарламасы

Алматы облысы дін істері басқармасының тапсырысы бойынша «Жетісу» телеарнасымен бірлесе ұйымдастырылған «Бүгінгі дін» рухани-танымдық бағдарламасы жуық арада көзі қарақты көрерменге жол тартпақ. Бағдарлама жүргізушісі «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің діни экстремизімге қарсы іс-қимыл орталығының директоры Тимур Нүсіпхан. Бағдарламаның алғашқы түсірілімі «Қазақстандағы қазіргі діни ахуал мен діни білім беру жағдайы» тақырыбына арналды. Бұл жөнінде «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, ислам ғылымы бойынша еліміздегі ең алғашқы PhD доктор, белгілі ғалым Қайрат Құрманбаев кеңінен тоқталды. Аталмыш бағдарламаның көгілдір экранға шығар уақыты қосымша хабарланады.