Халықаралық конференция өтті

Халықаралық конференция өтті

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен «COVID пандемиясы кезіндегі діни институттар мен тәжірибелер: қатерлер мен шешімдер» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

«Zoom» қосымшасы арқылы өткен онлайн шараға Египет, Түркия, Үндістан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан елдерінен профессорлар мен мамандар қатысып, тақырып төңірегінде сөз қозғады. Аталған жиынға орталықтың бөлім бастығы Айбек Бабатай қатысып, өз ойын ортаға салды.