Әскери полиция қызметкерлерімен кездесу өтті.⠀

Әскери полиция қызметкерлерімен кездесу өтті.⠀

Бүгін облыстық АТТ мүшесі, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» директорының орынбасары Жаңабай Сағыныш Асқарұлы мен Орталықтың бөлім бастығы Бабатай Айбек Серікбайұлы «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» 2021 жылғы жоспарына сәйкес «Деструктивті діни ағым түрлері және олардан сақтану жолдары» тақырыбында Талдықорған әскери полиция горнизонының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Карантин талаптарын сақтай отырып өткізілген шараға жалпы саны 50 адам қатысты. Кездесуде деструктивті топтардың радикалды діни идеологиясы, экстремистік сипаттары ашып көрсетіле отырып, деструктивті ұйымдар жүргізіп жатқан қызмет шынайы діннің қағидалары мен ұстанымдарына толық қайшы келетін тұстары мен интернет кеңістіктегі жұмыстары жөнінде мағлұматтар берілді. Шара барысында қатысушылар көкейдегі сауалдарын қойып, діни сауаттылықты арттыру бағытында өз ойларымен бөлісті.