
Бүгін, Абай атындағы КазҰПУ-нің, Әлем тарихы кафедрасының ұйымдастырумен «Зайырлылық дінтану негіздері пәнінің оқытылуындағы жаңаша ғылыми зерттеулер» тақырыбындағы Іле ауданының мұғалімдеріне арналған семинары өтті.
«Zoom» қосымшасы арқылы мектеп мұғалімдері арасында өткізілген кездесуде, Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих және құқық институты, Әлем тарихы кафедрасының аға оқытушысы, Phd докторант - Р.У. Сейтказиев, «Алматы облысы дін істері басқармасы» ММ, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің директоры орынбасары – С.А. Жаңабай, Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих және құқық институты, Саясаттану және әлеуметтік-философиялық ғылымдар кафедрасының профессоры – А.К. Избаиров, Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих және құқық институты, Әлем тарихы кафедрасының оқытушысы, магистр – Д.Ж. Мамырбаев дәріс оқыды. Онлайн форматта өткен кездесуде қатысушыларға дін саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен діни сауаттылықты арттыруға бағытталған шаралар туралы акпарат беріліп, ұстаздар өздерін толғандырған сауалдарға нақты жауап алды. Шараға жалпы саны 33 ұстаз қатысты.