
Ағымдығы жылдың 30 наурыз күні «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университеті жанындағы «Діни экстремизмге қарсы іс -қимыл орталығымен» бірлесе өңір дінтанушыларының біліктілігін арттыру, оңалту бағытындағы оң тәжірибелермен бөлісу бойынша 2 күндік оқыту курсы басталды. «Дерадикаландырудың заманауи тәжірибелері және оңалту жұмыстарының тәсілдері» тақырыбында ұйымдастырылған оқыту курсының мақсаты - Қазақстан Республикасының Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, дінтанушы, теологтардың оңалту бағытындағы біліктіліктерін арттыру және оң тәжірибелермен бөлісу.
Санитарлық талаптарды толық сақтай отырып өткізілген курстың алғашқы күнінде «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев кіріспе сөз сөйлеп, мамандарға оңалту бағытында тиісті ақпарат берді. Сонымен қатар, «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының» директоры – Тимур Нүсіпханов; Нұр-Мүбарак университетінің оқытушысы, Phd докторант, РАТТ мүшесі – Оралхан Сейдманов; Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, Phd докторант – Ернар Есімқұлов қатысушыларға дәріс оқыды. Аталған курсқа «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» директорының орынбасары және де орталықтың дінтанушы-теолог мамандары қатысты. Жалпы саны 25 қызметкер біліктілігін арттырды.