Панфилов ауданы мұғалімдерімен кездесу

Панфилов ауданы мұғалімдерімен кездесу

Бүгін облыстық АТТ мүшесі, дін саласындағы мәселелерді зерттеу

орталығы директорының орынбасары Жаңабай Сағыныш Асқарұлы «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында онлайн кездесу өткізді. «Zoom» қосымшасы арқылы өткізілген кездесуге Панфилов ауданы аумағындағы орта білім мектептерінің сынып жетекшілері мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, жалпы саны 110 адам қатысты.

Мектеп мұғалімдері арасында өткізілген кездесуде діни экстремизм мен терроризм профилактикасы, оқушы жастар арасында кездесіп жатқан діни мәселелер бойынша мәліметтер мен Панфилов ауданы аумағындағы мектеп жасындағы балалар арасынан әлеуметтік желідегі деструктивті контент қолданушылары туралы ақпараттар берілді. Осы бағытта бірлескен шараларды жүзеге асырып, жастарды жат ағымдардан қорғау тілге тиек етілді. Онлайн кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.