Әйел жамағаты арасында сайыс өтті

Әйел жамағаты арасында сайыс өтті

Бүгін Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты 8 мешіттің әйел жамағатының қатысуымен «Ата салтым – асыл қазынам» атты сайыс өткізілді. Наурыз мерекесіне орай Шынасыл мешітінде ұйымдастырылған шара ауданға қарасты 8 мешіт пен «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының» ұйытқы болуымен жүзеге асқан.

Мерекеге қатысушылар ұлттық тағам – Наурыз көже, салт-дәстүр мен ұлттық киім үлгісі бойынша сынға түсіп, Әз-Наурыз жайлы сұрақтарға жауап берді. Сайысқа Алматы өңірі әйел қыздар секторының меңгерушісі Майгүл Айтбайқызы, «Ақ әжелер» ансамблінің жетекшісі Күміс Пармашқызы, «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының» бөлім басшысы Әлия Бауыржанқызы қазылық етіп, жеңімпаздарды анықтады. Шара соңында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан Ақсеңгір мешіті жүлделі бірінші орынға ие болып, Ұзынағаш мешіті екінші, ал Шиен ауылдық мешіті үшінші орынды еншіледі.