
Бүгін «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының» бөлім басшысы Н. Үсіпбек пен «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» біліктілігі жоғары деңгейлі маман-дінтанушысы Ә.Төлеуов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «54380 ә/б» республикалық мемлекеттік мекемесінің жеке құрамы және олардың отбасымен кездесу өткізді. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін діни экстремизм мен терроризмнің деструктивті идеологиясының теріс әсерінен қорғау мақсатындағы шара «Біз бейбітшілік, бірлік және келісім үшін» атты онкүндік аясында өткізілген. Кездесуде мамандар деструктивті ағымдардың зиянды әсері жайлы мағлұматтар беріп, қатысушылар толғандырған сұрақтарына жауап алды. Шара барысында «Зайырлы қоғамдағы діннің алатын орны», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңына сәйкес салынған тыйымдар», «Ынтымақ алды Отансүйгіштікте» тақырыптарындағы бүктеме қағаздар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.