
«Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» біліктілігі жоғары деңгейлі маман-дінтанушысы Ақжол Маратұлы Асанов Сарыбұлақ ауылы Сарыбұлақ орта мектебі оқушыларымен кездесті. «Суицидтің алдын алу» тақырыбындағы кездесуге 30 оқушы қатысты.
Шара барысында қазіргі кезде әлеуметтік желіге, яғни ғаламдық торға шырмалған халықтың, әсіресе жастардың арасында орын алатын суицид мәселелері бойынша кеңінен ой қозғалып, алдын алу мақсатындағы түсіндіру жұмыстары айтылды. Кездесуде оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарға тұшымды жауап алды.