«Жат ағымның алдын алу» бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы

«Жат ағымның алдын алу» бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы

Ағымдағы жылдың 11 наурыз күні Алматы облысы дін істері басқармасының бас маманы Жандос Ескендиров пен облыстық АТТ мүшесі, дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы директорының орынбасары Жаңабай Сағыныш Асқарұлы Ақтерек ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
      Карантиндік талаптарды сақтай отыра өткізілген жиында «Жат ағымның алдын алу» бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қатысушыларға теріс діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру жайлы түсініктер берілді.