Рим-Католик шіркеуінің жетекшісімен кездесу

Рим-Католик шіркеуінің жетекшісімен кездесу

Ағымдағы жылдың 9 наурыз күні "Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы" КММ-нің директоры Нұрлан Байғожаұлы Литва Республикасының азаматы, Алматы облысы Қарасай, Панфилов, Кербұлақ аудандары бойынша Рим-Католик ширкеуінің жетекшісі, миссионер Шульчус Каститиспен кездесу өткізді.

Кездесуге қатысушылар мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды дамыту, дінаралық диалог пен конфессияаралық келісімді нығайту мәселелерін, сонымен қатар Кербұлақ және Панфилов аудандарындағы діни бірлестікке қарасты ғибадат үйлерінің жай күйі, ғибадат үйі ретінде қайта бейіндеу жұмыстарын талқылады. Рим католик шіркеуінің бүгінгі таңда өңірде 5 діни бірлестігі, 6 филиалы жұмыс атқарады.